Құрметті талапкер - 2018!

2017-2018 оқу жылының күндізгі және сырттай оқу бөліміне 9-11 сынып талапкерлерді білім алуға шақырамыз

Біз туралы Мамандықтар

Біз туралы

17 жылдық тарихы бар колледж 2001 жылы наурыз айында ашылған. ҚР Білім және ғылым министрлігінен сериясы БМ №0000235 09.07.2001 ж. мемлекеттік лицензия берілген.

Қабылдау комиссиясы

Күндізгі оқу бөліміне:

2017 жылдың 20 маусымынан 20 тамыз аралығында

Сырттай бөлімге:

2017 жылдың 20 маусымынан 20 қыркүйек аралығында өтініштер қабылдайды

  1. Колледж директоры атына өтініштер қабылдайды;
  2. Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік (көшірмесі);
  3. ЖСН (ИНН);
  4. Куәлік (9с), атестат, диплом (түпнұсқалар);
  5. Медициналық анықтама (086 У формасы);
  6. 3х4 фотосуреттер (6 дана);
  7. Тұрғылықты мекен жайдан анықтама;
  8. Әскерге шақыру туралы куәлік немесе әскери .

Барлық мамандықтар бойынша қабылдау емтихандары:

9 сынып: 2 пәннен тест тапсырылады;

11 сынып: 3 пәннен тест тапсырылады.

МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗАСЫ

Колледж оқу ғимаратының 1-қабатында 60-орындық асхана, кітапхананың абонементтік қызметі, аудиториялар, 100-орындық Акт залы, оқытушылар бөлмесі және әдістемелік кабинет, медициналық кабинет, мұражай, слесарлық-механикалық шеберханасы, тігу істері шеберханасы, спорт залы, 2-қабатында 50-орындық оқу залы,11 аудитория, «Сот дәлелдемелерінің» зертханасы, «Криминалистика» зертханалары орналасқан.

Жаңа лабораториялық корпуста оқу процесінде 7 пәндік аудитория, 4 лаборатория, 2 шеберхана бар. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мамандықтар бойынша материалдық-техникалық база жасақталған.

Білімгерлердің жаңа ақпараттық технологияны кеңінен пайдалануы үшін «Ғаламтор» және ортақ желісіне қосылған 2 компьютерлік класс жаңа үлгідегі 55 компьютермен жабдықталған.
Сонымен қатар коледжде 2 «Activ Board» маркалы интерактивті тақтасы, бейнепроектор білім беру процесінде
қолданылады. Барлық компьютерлік және интерактивті тақтасы бар кластар техникалық мамандықтар бойынша қолданылатын виртуалды зертхана және әмбебап бағдарламалармен қамтамасыз етілген.

Типтік спорт ғимараты (ауданы 262,6 м2) залдан және киініп-шешінетін бөлмеден, жуынатын бөлмеден тұрады. Спорт залында дене тәрбиесі пәнінен сабақтар өткізіліп, сабақтан тыс уақытта тоғызқұмалақ,шахматтан,баскетбол,волейбол,футболдан спорт үйірмелері кесте бойынша жүргізіледі. Әртүрлі спорт түрлерінен колледжаралық жарыстар ұйымдастырылады. Аулада жазғы спорт алаңы бар.

Оқу кабинеттері, зертхана және шеберханалар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Колледжде қалалық орталықтандырылған Абай атындағы кітапхананың М.А.Шолохов атындағы филиалы жұмыс істейді. Кітапхана қорында 38805 дана кітап бар, оның 14252 данасы қазақ тілінде, 100 орындық оқу залы мен электронды зал, абонемент бөлімдері жұмыс істейді.
Кітапхана колледж білімгерлері мен оқытушыларынан басқа да жергілікті тұрғындар мен жоғарғы оқу орындары білімгерлеріне, мектеп оқушыларына да қызмет көрсетеді.

Колледж жанындағы Автомектепте В, ВС категориялары бойынша жүргізуші куәлігін алуға кәсіптік деңгейде оқытылады. Компьютерлік курстар бойынша да қосымша білім алады.

Жарнамалық  бейне

Жаналыктар

Колледжде өткен  «Ашық есік» күні – дәстүрлі іс-шара, болашақ 2018 жылдың талапкерлеріне әртүрлі педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша білім алуға толық ақпарат беріліп, мамандық таңдауда қателеспеу мақсатында өткен іс-шарада қаланың …

«Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасының 10 күндігі

«Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 12-22 ақпан аралығында «Кәсіптік білімді игеру – кемелденген келешек кепілі» атты тақырыбында  онкүндік өтті. 11-ашық сабақ 3-кездесу 1- сыныптан тыс тәрбиелік іс-шара 1-жарыс-студенттер арасында …