1.БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

-білім берудің тиісті деңгейлерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жаңа ақпараттық технологияны және дербес электронды есептеуіш машинасын меңгертуге сәйкес сапалы білім берілуде;

-оқу пәндерін меңгерудің жетік және бейіндік деңгейлері білім алушылар білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың іскерліктері мен дағдылары қамтылуда;

-білім беру сапасын арттыруда бекітілген кестеге және ауқымды жоспарларға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылуда;

-білім беру процесінің мазмұндық негізін айқындайтын білім берудің құндылықтары мен оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі қағидаты іске асырылуда;

2.БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ
АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ

— білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселесі бойынша тәжірибе алмасу негізінде оқу орындармен, мекемелермен серіктестік орнатып, жұмыс жасалуда;
-білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан ақпаратты басқару бағдарламалары оқу сапасын арттыруға, жас мамандардың білім беруге деген қызығушылығын арттырудағы мақсаттылығы мен жүйелігі қалыптастырылуда;
-білім беру бағдарламаларын дайындауда білім берудің ғылыми принципі ескерілуде, колледж тарапынан қолдау көрсетілуде;
-ақпаратты қолдануда және басқаруда оқытушылар мен студенттердің де есептеуіш машиналарға, интерактивті оқыту құралдарына, желілік байланысқа қолжетімділігі бар;

3. СТУДЕНТТЕРДІ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫП БІЛІМ БЕРУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҮЛГЕРІМДІ БАҒАЛАУ

-студенттерді оқуға ынталандыруда және оқу процесіне белсенді қатысуда маңызды рөл ойнайтын студентке орталықтандырылған білім беру мен оқытуды қамтамасыз етілуде

— білім беру технологияларын, оқыту әдістерін, білім беру бағдарламаларының мазмұны мен бағалау құралдары жетілдіруде

-студенттердің бағдарламалар мен пәндерге қанағаттануын мерзімдік бағалау мен әдістері енгізілуде

-студенттерді оқыту және қолдау үшін ресурстардың қол жетімділігі;

4.СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, ОҚУ ҮЛГЕРІМІ, ТАНУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

-оқытушылар мен қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыстар нәтижелігі бар.

— мамандық туралы жеткілікті білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкелмес үшін алдын ала жоспарлаудың нақты нәтижелігі айқындалып отырылады

-оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландырылады;
-мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесіледі
— оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу жасалынады.

-кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне (компоненттерге), кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу жұмыстары жүргізіледі

5.ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

-оқытушылардың білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория, біліктілік курсын тәмамдаған.

-білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы қарастырылған

-білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталып, педагогика ғылымының ерекшелігі де – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары қолданады

6.ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІ
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ

-колледж тарапынан көмек пен қолдауға келісім беріледі
— білім алушылардың жеке қиындықтарын өз бетінше шешуіне мүмкіндігі бар
— тұлғаның толыққанды дамуына оңтайлы жағдайды қалыптастыруға бағыттылығы қарастырылған
— ұжымда жағымды психологиялық ахуалдың қалыптастуы — студенттермен эмоциялы жайлылықты қамтамасыз етуі 1курс студенттеріне қиындықтармен бетпе-бет келіп, қолдауды қарастырған
-оқытушылармен білім алушылардың тіл табысуындағы қиындықтардың оңтайлы шешілуін қадағалап отырылады
-оқытылатын пəнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында іс- шаралар жүргізіледі

7.КОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

-қазіргі қоғамда шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісіне сай колледжде білім беру жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілген. Әрбір оқытушымен қызметкерлерге шексіз қолдануына мүмкіндік қарастырылған

-білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарына сай қамтылған

-колледж басшылығы қазіргі қоғамда ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту сапалы білім берудің бір бөлігі ретінде қарастыруы, қолдау көрсетуі, сонымен қатар, білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдалануына мүмкіндік берілген

— студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілген.

-ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.
компьютермен, компьютерлік құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген.

-заманауи қоғамда мамандардың кәсіби-шығармашылық деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар қойылған.