МАДИМАРОВ ҒАЗИЗЖАН ЖАҚСЫҒҰЛҰЛЫ

«ТАРАЗ-ҒАСЫР» КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

 

 

Ғазизжан Жақсығұлұлы  Мадимаров 1964 жылдың мамыр айының 28 жұлдызында  Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.  1981 жылы Республикалық физика – математика мектебін бітіріп, 1986 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің «Қолданбалы математика» мамандығын, 2011 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Экономист» мамандығын аяқтап шықты.

 

Еңбек жолын 1936-1988 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік – құрылыс институтында бастады.Институттың  ғылыми зерттеу секторында жұмыс атқарып өз мамандығы бойынша  дәріс берді.

1988-1990 жылдары  Жамбыл қалалық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, қалалық комсомол комитетінің ІІ хатшы қызметін атқарды. Хатшы қызметін атқарған кезінде жастар демалысы, патриотизм, жастар арасындағы құқық бұзудың алдын алу мәселелерімен шұғылданды.

1990-1998  жылдары Жамбыл есеп – экономикалық колледжінде лабаратория меңгерушісі қызментін атқарып дәріс берді.

1992-1995 жылдары «Өркениет» ЖШС-де директорлық қызмет атқарды.

1998-2001 жылдары Жамбыл политехникалық колледжі ЦМК меңгерушісі және оқытушы болып қызмет атқарды.

2012 жылдың қаңтарынан Бесінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты. Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендрлік саясат жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.

2014 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болды.

2016 жылдың наурызынан Алтыншы шақырылған Тараз қалалық маслихатының депутаты. Тараз қалалық Маслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.

2001 жылдан бастап білім қызметіне лицензия алып, Тараз  қаласында «Тараз — Ғасыр» колледжін ашып, содан бері колледж директоры қызметін атқаруда. Ғ.Ж. Мадимаров басқарған ұжымда 40 – тан астам оқытушылар мен қызметкерлер 8 мамандық бойынша 500 – ден астам студенттергеге білім беруде.

 

Марапаттары:

2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі үлесі үшін» Құрмет грамотасы;

2013 жылы Тараз қаласы әкімінің «Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, еңбекте қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай» Құрмет грамотасы;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін»  «Қазақстан мәлихатына 20 жыл» мерекелік медалі;

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың президенттікке сайлау науқанында көрсеткен қолдауы үшін Алғыс хаты;

2014 жылы «Білім беру ұйымдарының біріккен кәсіподақ комитетінің «Білім сапасын жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсене қатысқаны үшін «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай» Алғыс хаты;

2015 жылы Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін орындауға қатысқаны және азаматтық белсенділік танытқаны үшін «НұрОтан» партиясы атынан Алғыс хат:

2016 жылдың наурыз айында «НұрОтан» партиясының сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Алғыс хаты;

2016 жылдың маусым айында Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдық медалі.

2016 жылы Тәуелсіз Қазақстанның дамуына, гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім Министрі Е.Сағадиевтың Құрмет грамотасы;

2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.

2016 жылы «Депутаттардың және мемлекеттік қызметшілердің  құқықтық мәдениеті мен имиджін қалыптастыру» Сертификат;

2017 жылы «Жаңа формациядағы депутаттар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық-басқару мәдениеті» Қазақстан Республикасы мемлекеттік және жергілікті басқару институты, Сеттификат;

2018 жылдың сәуір айында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі» on-line семинарға қатысқаны ушін Сертификат;

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Мектеп және колледж оқушылары арасында өткізілген спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионатына зор үлес қосқаны үшін» Дипломмен марапатталды.

2018 жылы Білім салас«Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталды

Директорға сұрақ қою