1. Колледжге білімгерлер құрамына тіркеу конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде және колледжге түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Білімгерлер құрамына тіркеуді конкурстық негізде өткізгенде ҰБТ сертификатындағы немесе кешенді тестілеудегі үш пәннің қосынды баллдары ескеріледі.
Білімгерлер құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан төмен алғандар;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 25 балддан төмен алғандар жіберілейді.
2. Конкурста көрсеткіштері бірдей болан жағдайда, оқуға қабылдауға мүмкіндігі бар азаматтар: жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасы мүгедек балалар, медициналық сараптама комиссиясының келісіміне сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін 1,2 топтағы мүгедек, бала жастан мүгедек балалар, үздік білімі (куәлік, атестат, диплом) бар азаматтар қабылданады.
3. Білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) күндізгі оқу нысанына(бөліміне) – 25 тамыз бен 31 тамыз аралығында;
2) оқудың сырттай нысанына (бөліміне) – 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
4. Колледжге білімгерлер құрамына тіркеу қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтарына, кәсіптеріне, оқыту тілдеріне байланысты жеке-жеке жүргізіледі.
5. Колледждің қабылдау комиссиясы қабылдау ережелерінен өзгеше туындаған сұрақтарды өз бетінше шеше алады.