1. Талапкерлердің оқуға түсу жөніндегі өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледжде қабылдау комиссиясы құрылады.Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.
2. Қабылдау ережелері туралы ақпараттар, сондай-ақ қабылдау комиссиясының шешімдері, өтініштерді қабылдау, қабылдау емтихандарының кестелері, қабылдау нәтижелері өз уақытысында оқуға түсушілерге жеткізіліп тұруы керек.
3. Колледждің күндізгі оқу бөліміне өтініштер 20-маусым мен 20-тамыз аралығында, сырттай оқу бөліміне 20-маусым мен 20-қыркүйек аралығында қабылданады. Қабылдау емтихандары оқудың күндізгі бөліміне тамыз айының 1-28 аралығында, сырттай бөліміне 1-тамыздан 25- қыркүйек аралығында өтеді.
4. Оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өңірлерден қабылдау емтихандарын алу үшін директордың шешімі бойынша арнайы комиссия құрылады.
5. Талапкерлер келесі құжаттарыды тапсыру керек:
1) Колледж директоры атына өтініш;
2) оқуға түсуші талапкерді куәландыратын құжат (куәлік немесе атестат);
3) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
4) жеке кәлік көшірмесі (ЖСН);
5) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, флюрография суретімен (1,2 топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
6) 3х4 көлемдегі 4 фотосурет;
7) Тұрғылықты мекен-жайдан анықтама;
8) Әскерге шақыру туралы куәлік немесе әскери билет.
Орта мектепті бітірушілер үшін ұлттық бірінғай тесттің сертификаты (ҰБТ-ке қатысқандар үшін).
Басқа колледждерге тапсырып, конкурстан өтпеген талапкерлер анықтама арқылы қабылданады.
Жоғарғы оқу және колледждерді бітірген талапкерлер дипломдары арқылы жеке тіркеледі және жеделдетілген топтарға қабылданады.
Талапкердің құжаттарын өзі немесе ата-анасы алып келе алады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар өз құжаттарымен бірге тұрғылықты жерінде тіркелгенін растайтын анықтама кітапшасымен қабылданады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігін растайтын құжат:
● Шетелдіктер — шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
● Азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаларға азаматтығы жоқтығын растайтын құжат;
● Босқын – босқынның куәлігі;
● Пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
● Оралман – оралман куәлігі.
Келісім-шарт негізінде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі.
ҰБТ-ке қатыспаған ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер, колледжде қабылдау емтихандарын тапсыра алады.
6. Түсу емтихандары
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән) ;
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі.
4) Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.
Түсушілер қабылдау емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыра алады.
7. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша «қанғаттанарлықсыз» деген баға алған немсе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
8. Негізгі орта және жалпы орта білім иегерлері үшін түсу емтиханы тест түрінде қабылданады.
9. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді.
2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» – 4-13 балл, «4» – 14-20 балл, «5» – 21-25 баллдарға ауыстырады.
10. Бірінғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.
Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарлағаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.
11. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.