1.«Тараз-Ғасыр» колледжіне 2018-2019 оқу жылына ақылы келісім-шарт бойынша орта мектептің негізгі орта (9 сынып), жалпы орта (11 сынып), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
2.Техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар азаматтар колледжге оқытудың қысқартылған мерзімі бойынша оқуға қабылданады.
Осы категориядағы тұлғалар үшін емтихандарын тапсыру нысанын және пәндер тізімдерін колледж белгілейді.
3. Оқуға қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 26- бабының 8- тармағына сәйкес мынадай жеңілдіктер қарастырылған:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін
5) Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға.