Колледж оқу ғимаратының 1-қабатында 60-орындық асхана, кітапхананың абонементтік қызметі, аудиториялар, 100-орындық Акт залы, оқытушылар бөлмесі және әдістемелік кабинет, медициналық кабинет, мұражай, слесарлық-механикалық шеберханасы, тігу істері шеберханасы, спорт залы, 2-қабатында 50-орындық оқу залы,11 аудитория, «Сот дәлелдемелерінің» зертханасы, «Криминалистика» зертханалары орналасқан.

Жаңа лабораториялық корпуста оқу процесінде 7 пәндік аудитория, 4 лаборатория, 2 шеберхана бар. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мамандықтар бойынша материалдық-техникалық база жасақталған.

Білімгерлердің жаңа ақпараттық технологияны кеңінен пайдалануы үшін «Ғаламтор» және ортақ желісіне қосылған 2 компьютерлік класс жаңа үлгідегі 55 компьютермен жабдықталған.
Сонымен қатар коледжде 2 «Activ Board» маркалы интерактивті тақтасы, бейнепроектор білім беру процесінде
қолданылады. Барлық компьютерлік және интерактивті тақтасы бар кластар техникалық мамандықтар бойынша қолданылатын виртуалды зертхана және әмбебап бағдарламалармен қамтамасыз етілген.

Типтік спорт ғимараты (ауданы 262,6 м2) залдан және киініп-шешінетін бөлмеден, жуынатын бөлмеден тұрады. Спорт залында дене тәрбиесі пәнінен сабақтар өткізіліп, сабақтан тыс уақытта тоғызқұмалақ,шахматтан,баскетбол,волейбол,футболдан спорт үйірмелері кесте бойынша жүргізіледі. Әртүрлі спорт түрлерінен колледжаралық жарыстар ұйымдастырылады. Аулада жазғы спорт алаңы бар.

Оқу кабинеттері, зертхана және шеберханалар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Колледжде қалалық орталықтандырылған Абай атындағы кітапхананың М.А.Шолохов атындағы филиалы жұмыс істейді. Кітапхана қорында 38805 дана кітап бар, оның 14252 данасы қазақ тілінде, 100 орындық оқу залы мен электронды зал, абонемент бөлімдері жұмыс істейді.
Кітапхана колледж білімгерлері мен оқытушыларынан басқа да жергілікті тұрғындар мен жоғарғы оқу орындары білімгерлеріне, мектеп оқушыларына да қызмет көрсетеді.

Колледж жанындағы Автомектепте В, ВС категориялары бойынша жүргізуші куәлігін алуға кәсіптік деңгейде оқытылады. Компьютерлік курстар бойынша да қосымша білім алады.