«Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасының 10 күндігі

«Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен

12-22 ақпан аралығында

«Кәсіптік білімді игеру – кемелденген келешек кепілі» атты

тақырыбында  онкүндік өтті.

11-ашық сабақ

3-кездесу

1- сыныптан тыс тәрбиелік іс-шара

1-жарыс-студенттер арасында волейболдан

1-оқытушылар арасында ұлттық ойындардан

1-тренинг оқытушылар арасында

 

Бастауыш білім беру. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. Дене тәрбиесі және спорт. Құқықтану мамандықтары арасында, сыныптан тыс  студенттер арасында, тәрбиелік кездесу өткізілді. Кездесуге «Асыл арман» балалар бақшасының меңгерушісі Қазанғапова Т.С. «Тараз инновациялық көпсалалы» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көшпенбетова Л.М.  «Тараз-Болашақ» медициналық колледжінің №1 медициналық бөлімінің меңгерушісі Тәттібаева Ж.Б.  Тараз қ. «Бақ Проект» ЖШС бас бугалтері Болысбаева Ұ.Н. Тарақ қ. №1 полиция бөлімшесінің сержанты Юсупова Ж., келген мамандар өзерінің мамандықтары бойынша жеткен жетістіктері мен қыйыншылықтары туралы айтты. Кездесу соңында студенттер өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

14-ші  ақпан күні экономика пәнінің оқытушысы Тастандиев М.Қ ұымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесуге Тараз қаласы бойынша «QAZKOMLIFE» сақтандыру компаниясының менеджері Бейсенбаева Алтын Болатқызы келді өкілдері оқытушыларға қазіргі таңдағы сақтандыру саясаты   туралы толық мағлұмат берді. Оқытушы қазіргі заманға сай жаңа технология элементтерін пайдаланды. Оқытушылар пікір алмасып, көптеген сұрақтарға жауап таба білді.

20-шы ақпан  күні қылмыстық құқық пәнінің оқытушысы Жунисов А.Б.,  ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және терроризмге қарсы»  студенттер арасында кездесу өткізілді. Кездесуге «Парасат» коллеждінің оқытушысы Садуов Ж.И.,келді, маман өзінің баяндамаларын оқыды. Кездесу соңында білімгерлер өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

17-ші ақпан күні  дене тәрбиесі және тасымалдауды ұйымдастыру пәнінің оқытушылары Оразалиев Е. және Айтмағанбетов Ж.К., ұйымдастыруымен «Жеңімпаз» тақырыбында студенттер арасында кездесу өткізілді. Кездесуге «Тараз Арена» спорт кешенінің тренері Абашев Қ.Ж   келген маман өзінің баяндамасын оқыды. Кездесу соңында студенттер өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Оқытушылардың оқу-үрдісіндегі жаңа технология бойынша алған білімдерін іс-тәжірибеде ұштастыруы, білімгерлерге терең білім беріп, рухани ой-өрісін дамытып, білікті маман даярлау мақсатында «Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасының 12-22 ақпан аралығында өткізілетін «Кәсіптік білімді игеру – кемелденген келешек кепілі» тақырыбындағы онкүндік жоспары «Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасының кезекті отырысында жасалынып, бекітіліп, жоспарланған іс-шаралар өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *